Жұма, 17 мамыр, 09:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

«Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тақырыбында қалалық семинар өтті

15.03.2024

329 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: Ұлттық тәрбие-ел болашағы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Бұл алқалы басқосуға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Самат Алашбайұлы, қала мектептерінің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері және мектеп психологтары қатысты.
Қалалық білім бөлімі тәрбие бөлімінің бас маманы Күнқожаев Самат Алашбайұлы: Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Ұрпақ тәрбиесіне барлығымыз жауаптымыз, – деп өз пікірін білдірді.
Семинар барысында «Төрт тоқсан төрт өнер» жобасы аясында «Ұлттық өнер» көрмесі, «Ұлттық тағамдар» көрмесі, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» кабинетінің ашылу салтанаты, «Тоғыз айға тоғыз іс-шара жобасы» аясында Ұлттық аспаптар оркестрінің өнері, «Әлем балалар көзімен» сурет көрмесі, «Ерлікке тағзым» Жәлел Қизатов мұражайының таныстырылымы, «Өзін-өзі басқару»мектеп парламенті және Жас Ұлан ұйымы жұмыстары, кофе-брейк сергіту сәттері ұйымдастырылды.
Ал мектеп театры жобасында «Сахналық қойылымдар арқылы оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу және тұлға қалыптастыру» тақырыбы сараланды. Сонымен қатар «Ұлттық лига жобасы» бойынша волейбол спорт түрінен шеберлік сағаты өткізілсе, «Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасы аясында «Ұлттық спорт – ұлттық құндылықтарымыз» асық ату және бес асық ойындарын насихаттау, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқуды дамыту:әдістер мен идеялар» тақырыбы қамтылды.
Өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беру бағытындағы жаңашыл жоспарлар қызу талқыланып, сарапшы мамандар тарапынан пайымды пікірлер мен ұтымды ұсыныстар айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: