Жексенбі, 05 мамыр, 10:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ұстаздың кәсіби дамуы – бүгінгі қоғамда маңызды

25.11.2022

760 0

Білім беру саласының алдына қояр мақсаттары мен одан туындайтын міндеттері ешқашан да бір-біріне ұқсамайды. Ұстаздар қауымының алдына мемлекетімізде жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшінің сүбелі тұсынан орын алып, жол бастауға қабілетті, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтарды тәрбиелеп шығару міндетін қойылған. Сол себепті білім беру мазмұнының жаңару жағдайында мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру арқылы жоғарғы сапа мен бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізе отырып, кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері біліктілік арттыру саласындағы басым бағытқа ие болып отыр.

Осы орайда Қызылорда облыстық Білім кәсіподағы мен «Педагогикалық шеберлік» орталығының ұйымдастыруымен облыс бойынша жетекші мектептер ұстаздарына арналған педагогикалық идеялар фестивалі ұйымдастырылды. Атаулы фестиваль Арал ауданындағы «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында өтті. 

Бұл фестиваль қала және аудан ұстаздарына тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік сыйлады. Соның ішінде Қызылорда қаласының ұстаздарына қалалық білім бөлімінің әдіскері Мағжан Қанатұлы жетекшілік жасап, үздіктер қатарынан көрінді. 

Басқосуда мұғалімдер қауымы пленарлық бөлім, мотивациялық кездесу, «Әлемді жақсы жаққа өзгертеміз» командалық таныстырылым, «Кәсіби шешімдер мен тапқырлық» квест ойындары, нейробика «Миды жаттықтырудың 10 тәсілі», педагогикалық ассорти ПШО тренерлерінің шеберлік сыныптары, «Жұлдыздар жауған түн» шығармашыл ұстаздар кеші, «Алғашқы күннің дайжесті» постер-галерея, «Өмір бойы білім алу» атты педагогикалық жобаларды қорғау арқылы өзара бәсекеге түсіп, тәжірибе алмасты.

Фестивальге Қызылорда қаласынан және облыстың барлық аудандарынан жиналған ұстаздардың шығармашыл топтары қатысты. Олар ұйымдастырылған жұмыстарда өз білімдері мен біліктіліктерін танытты. Сондай-ақ, өнерпаздық қабілеттерін көрсетіп, сахна төрінде жұлдыздай жарқырады. Педагогикалық идеялар фестивалі өз жұмысын қорытындылап, командалар арнайы Дипломмен және Алғыс хаттармен марапатталды.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: