Жұма, 21 қаңтар, 22:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (1810)
18.01.2022
PDF мұрағаты

Университетте 4 жыл тегін оқиды

02.07.2021

427 0

Қазіргі уақытта жан-жақты дамып, тұлға болып қалыптасу үшін тек білім қоры жеткіліксіз. Әр адам жинаған білімі мен білігін дұрыс пайдалануы тиіс. Осы ретте дебат ойындары мен студенттердің өзін-өзі басқару органдарының тетіктерін жүйелеу арқылы көшбасшылық қабілеттерді қалыптастыру күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі.

Бүгін Қызылорда облысының білім басқармасы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті бірлесіп, мектеп және колледж бітіруші түлектер арасында облыстық дебат турнирін өткізді.

Бейбіткүл Каримова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың еліміздегі дебат клубтарын жандандыруды қолға алуын жастар арасындағы қозғалысты жаңа деңгейге көтеру ісіне көрсетілген үлкен қолдау деп білеміз.Бүгін міне турнирге барлық аудандар және қаламыздан арнайы 11 фракция қатысып, қоғамдағы түрлі өзекті проблемаларды талқылап, нақты ұсыныстар әзірлеуде. Турнирдің Үздік спикеріне арнайы университет ректорының Грантын тағайындау жөнінде шешім қабылдадық. Біздің басты мақсатымыз – пікірсайыс клубтарын дамыту арқылы жас көшбасшылар мектебін қалыптастыру»,-деді.

Арайлым Жақсылық, Университеттің Грант иегері, «Үздік спикер» номинациясының жеңімпазы,  №3 IT мектеп-лицей оқушысы

«Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы.Бүгінгі дебат турнирінде жеңіске жетіп, Грант иегері атанғаныма өте қуаныштымын. Алдағы уақытта өзім қалаған оқу орнында сүйікті мамандығымды меңгере отырып, дебатпен әлі де айналысамын деген ойым бар»,- деді.

Алдағы уақытта университетте халықаралық ұйымдармен бірлескен ашық алаңдар, республикалық  турнирлер, YouTube желісінде онлайн дебаттар ұйымдастыруды, халықаралық дәрежедегі спикерлермен семинар-тренингтер өткізуді, мектеп оқушыларын жүйелі түрде пікірсайысқа баулу сияқты көптеген іс-шараларды жоспарлануда. Турнирдің жеңімпазына Грант сертификаты облыс әкімінің қатысуымен өтетін шарада арнайы табысталатын болады.

Университеттің медиа орталығы
жетекшісі Ботагөз Бакбергенова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: