Қызылордада «WorldSkills Qyzylorda – 2026» облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Қызылорда облысы білім басқармасының бөлім басшысы Бекжан Есенбаев пен Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Рахымбек Зейнуллин қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
Биылғы чемпионатта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері 23 құзыреттілік бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар өндіріс, қызмет көрсету және ақпараттық технологиялар бағыттарында бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысымен үздік атанған қатысушылар дипломдармен және медальдармен марапатталды. Облыстық кезең жеңімпаздары алдағы республикалық іріктеу кезеңінде Қызылорда облысының намысын қорғайды.
«WorldSkills» чемпионаты жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, жастардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға және өңірдің кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал ететін маңызды жоба болып табылады.
Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
