Бейсенбі, 18 маусым, 12:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

ЖОО-ларда грант конкурсына құжат қабылдау қашан басталады

18.06.2026

40 0

Фото: freepik.com

Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжат қабылдау 13-20 шілде аралығында өтеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлер құжаттарын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн және виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн форматта, сондай-ақ eGov порталы арқылы тапсыра алады.

Грант конкурсына қатысу үшін жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3х4 көлеміндегі фотосурет, орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом қажет.

Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысатын талапкерлер растайтын құжаттарын ұсынуы тиіс.

«Құжаттарды қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Талапкерлер құжаттарын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы немесе eGov порталы арқылы онлайн тапсыра алады. B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» білім беру бағдарламасына түсушілер үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыру қорытындысы талап етіледі», – деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Министрлік өкілдері қосымша ақпарат алу үшін талапкерлерге жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінуге кеңес береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: