Дүйсенбі, 01 наурыз, 09:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (1718)
27.02.2021
PDF мұрағаты

Зияткерлер ойынында озық болды

03.02.2021

313 0

Қызылордадағы НЗМ-нің «Smart guys» тобы зияткерлер ойынында ІІІ орынға ие болды

«Креатив бой» желілік зиякерлік-командалық ойыны биыл үшінші мәрте өткізілді. Еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірге сайысқа №1329 Мәскеу мектебінің оқушыларынан құралған 13 команда қатысты.

Білімділер бәйгесінде қызылордалық NIS-тің намысын 9 «А» сынып оқушылары, яғни Бағлан Абызбек, Тұмар Еділ, Айбек Қазбек және Нұрай Нұржанқызы қорғады. Жас дарындылар әр түрлі тақырыптағы өнертапқыштық және зерттеушілік мәселелерді шешуде ой жарыстырды.

– Ойын барысында команда мүшелерінен көптеген лайықты идеялар келіп түсіп жатты, соның ішінде ең дұрыс және жақсы шешімін табу аса қиынға соқты. Бұл турнир біздің сыни тұрғысынан ойлау, логикалық, функционалдық сауаттылық, ұтқырлық пен топта жұмыс істей білу дағдыларымызды дамытуға үлкен септігін тигізді, – деп санайды Бағлан Абызбек.

Барлық кезеңде сыр бойылық оқушылар оза шауып, небәрі 0,5 ұпайды есе жіберіп, үшінші орынды иеленді. Екінші орынды Ресейдің «Синергия» командасы жеңіп алса, павлодарлық зияткерлер командасы ойынның жеңімпазы атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: