Сәрсенбі, 01 мамыр, 07:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

1 жасар бала дәрігерлердің кінәсінен көз жұмды

06.09.2023

426 0

Жетісу облысында 1 жасар бала дәрігерлердің кінәсінен көз жұмды. Аурухана өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

30 шілдеде бір жасар қыз баланың дене қызуы көтеріліп, құсқан. Кейін ол Алакөл ауданы Қабанбай ауылында аудандық ауруханаға жеткізілген.

Аудан дәрігерлері балаға жұқпалы инфекция, панкреатит диагнозын қойған. 2 күннен кейін балаға аппендицит диагнозы қойылып ота жасалған. Оның жағдайы керісінше нашарлай бастаған. Отадан кейін бала комаға түскен. Ал 23 тамызда қайтыс болған. 

Алакөл аудандық орталық аурухана өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«2022 жылы туған бала 1 тамыздан «Алакөл орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК жеткізілді. Түскен кезде науқастың жағдайы өте ауыр еді, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Операция алдындағы дайындықтан кейін балаға 1 тамызда сағат 13:00-де ота жасалды. Балаға толық медициналық көмек көрсетілді, жүргізіліп жатқан қарқынды терапияға қарамастан бала 23 тамызда сағат 08:00 бала қайтыс болды. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: