Бейсенбі, 11 маусым, 14:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 (2255)
09.06.2026
PDF мұрағаты

Медицина саласының білікті маманы

11.06.2026

58 0

Медицина саласының білікті маманы Әнтай Ақнұр Балхожақызы 1982 жылы 12 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 1999 жылы №156 қазақ орта мектебін тәмамдап, сол жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетіне оқуға түсіп, 2005 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2005–2006 жылдары терапия мамандығы бойынша интернатураны аяқтап, дәрігер-терапевт біліктілігін иеленді.

Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда қаласындағы №1 қалалық емханада учаскелік терапевт дәрігері ретінде бастап, 2012 жылдан №3 қалалық емханада қызметін жалғастырды. 2013 жылдан терапия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып, кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті.

Қазіргі таңда №3 қалалық емханада профпатолог және реабилитолог дәрігері ретінде халық денсаулығын сақтау жолында абыройлы еңбек етіп келеді. Сонымен қатар, 2021 жылдан бері емхана кәсіподағының төрайымы қызметін қоса атқарып, ұжымның бірлігі мен әлеуметтік қорғалуына өз үлесін қосып келеді.

Ақнұр Балхожақызы – өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, білікті маман. Ол кәсіби шеберлігімен қатар, адамгершілік қасиеттерімен де әріптестері мен емделушілерінің құрметіне бөленген.

Отбасылы, үш баланың аяулы анасы. Екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп, отбасылық құндылықтарды дәріптеп келеді.

Адам өмірі мен денсаулығын сақтауды өмірлік мұратына айналдырған Ақнұр Балхожақызына зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне толағай табыс және кәсіби жетістіктер тілейміз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: