Бейсенбі, 10 қазан, 03:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

8 айда МӘМС жүйесінде медициналық қызмет алғандар туралы 28 мың жалған ақпарат тіркелген

16.09.2022

884 0

ҚазАқпарат – МӘМС жүйесіне жалған ақпарат берген мекемелер көрсетілмеген қызмет үшін алған қаражаттың 300 пайызы көлемінде айыппұл төлейді.

«Мемлекет-жеке меншік әрпітестігі аясында жұмыс істейтін ке й бір медициналық мекемелер жұмыста сап-сау отырған, сақтандыру жүйесіне кірген адамдарды сыртынан «емдеп» жатады. Солардың жолын кесу үшін не істеп жатырсыздар?» – деп сұрады БАҚ өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, мұндай жайттар азаймай тұр.

«Азаматтарға ақпарат ретінде осындай жалған ескертулер түсіп жатыр. Біздің қордың сарапшылары 8 айдың ішінде 28 мыңнан астам осындай фактіні тіркеген. Ол фактілер бойынша көрсетілмеген қызметті «көрсеттік» деп мәлімдеп, ақшасын төлеуге өтініш береді. Біз оны, әрине, әрқашан тексереміз», – деген Ілияс Мұхамеджан ондай жайтқа тап болған адамдарды үнсіз қалмауға шақырды.

«Бірақ сіздерге де үлкен өтінішіміз бар. Бұл ақпарат сіздердің жеке медициналық қосымшаларыңызға келетін болғандықтан, жалған мәліметке тап келсеңіздер, қорға хабар беріңіздер. Біз нақты жағдайды тексертіп, сіздің емделгеніңіз туралы жалған ақпарат берген мекемеге көрсетілмеген қызмет үшін алған қаражаттың 300 пайызы көлемінде айыппұл саламыз», – деді қордың өкілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: