Жексенбі, 08 желтоқсан, 01:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

ӘМСҚ медицина ұйымдарына 31,1 млрд теңге аванс төлем жасады

04.02.2024

563 0

Сурет: Н.Нұржаубай

ӘМСҚ Астана қаласының медицина ұйымдарына 31,1 млрд теңге сомасына аванс төлем жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ қордың елордалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Астана қаласының медицина ұйымдарында 2024 жылы көрсетілетін медициналық қызметтер көлемін рәсімдеуді аяқтағаны белгілі болды. Оның қорытындысы бойынша медициналық қызмет жеткізушілер арасында 263,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.

2024 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша Қор медициналық көмек көрсетуге 263,5 млрд теңгеден астам сомаға Астана қаласындағы 175 денсаулық сақтау субъектісімен келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар 136 денсаулық сақтау субъектісі қазірдің өзінде 31,1 млрд теңге сомасында аванс төлем алды. Аванс төлем жүргізу әлі де жалғасуда.

Шамамен стационарлық көмекке 97,2 млрд теңге, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке 32,3 млрд теңге, консультациялық-диагностикалық көмекке 26,2 млрд теңге, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 22,1 млрд теңге, онкологиялық көмекке 17,6 млрд теңге, жедел медициналық көмекке шамамен 9,5 млрд теңге, жоғары технологиялық медициналық көмекке 33,2 млрд теңгеден аса және медициналық оңалтуға 9,5 млрд теңге қаражат бағыттау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2024 жылы Денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу қағидасына бірқатар өзгеріс енгізілді.

Өңірлік комиссиялардың құрамы күшейтіліп, онда төрағаның орынбасары болып денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары лауазымынан төмен емес өкіл белгіленді, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау (СЭБК) және медициналық және фармацевтикалық бақылау (МФБК) комитеттерінің өкілдері енгізілді.

Қағидаға қосылған тағы бір талап – өтінім берген көмек түрлеріне бұған дейін келісімшарт жасамаған денсаулық сақтау субъектілеріне комиссия мүшелерінің баруы. Қорға Астана қаласының жаңа медициналық қызмет жеткізушілерінен 20 өтінім берілді, сатып алу рәсімдерін өткізу барысында өңірлік комиссия 10 денсаулық сақтау субъектісінде болды.

Айта кетейік, МӘМС жүйесін енгізу азаматтарға медициналық көмек көрсетуде жеке медициналық қызмет жеткізушілерді де тартуға мүмкіндік берді. Осылайша, МӘМС клиникалардың пациент үшін бәсекелестігін ынталандырады. Пациентте қандай да бір медициналық қызметті қайдан алуға таңдау мүмкіндігі пайда болғандықтан, медициналық ұйымдар пациенттерді өздеріне тарту үшін жақсы жағдай жасап, қызметтерін жетілдіруге тиіс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: