Жұма, 03 мамыр, 12:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Аймақтың хиругия саласының жұмысы – оң нәтижелі

22.10.2022

567 0

«А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының» стратегиялық блок басшысы, Қазақстан Республикасының хирургиялық қызмет жөніндегі координаторы м.ғ.к. Ибекенов Оңласын өңірімізге іс сапармен келіп, қазіргі таңдағы аймақтың хирургия саласының ахуалымен танысты.

Сапар барысында Оңласын Төлегенұлы көпбейінді облыстық және қалалық ауруханалары, Жаңақорған және Шиелі ауданаралық ауруханаларының хирургия, реанимация, ота және функционалды бөлімшелерінің материалдық базасымен қатар, хирургиялық құрал-жабдықтармен, мамандардың қамтамасыз етілуімен танысты.

Одан соң көпбейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында хирургиялық ахуалды талдау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова және облыстың хирург, эндоскопист дәрігерлері қатысты.
Жиында облыстың хирургия саласының 2022 жылдың 9 айының қорытынды есебі тыңдалды. Нәтижесінде Оңласын Төлегенұлы Қызылорда облысының хирургия саласының жұмысына оң бағасын берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: