Жұма, 03 мамыр, 06:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Балалар арасындағы скарлатина ауруының эпидемиологиялық ахуалы алаңдатады

10.01.2024

297 0

Фото: ОСЭБД

Скарлатина – балалар арасында жиі кездесетін, ауа – тамшылы жолмен берілетін ауру. Аурудың қоздырғышы «А» тобындағы стрептококк болып табылады, ағзаның улануымен, жедел тонзиллитпен және бөртпелер шығумен сипатталады.

 Қызылорда облысында 2023 жылы скарлатина ауруының 287 жағдайы тіркелді. Аурушаңдықтың жиі тіркелуі қараша, желтоқсан айларында орын алды.   Жалпы науқастар санының басым үлесі немесе 97 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды.

Сырқаттанушылықтың 73% Қызылорда қаласы көлемінде және 8 жағдай Арал, 2 жағдай Жаңақорған, 7 жағдай Қазалы, 6 жағдай Шиелі  ауданынында  тіркелген.

Скарлатина ауруы таралуының алдын алу үшін медицина ұйымдарымен тонзиллитпен ауыратын науқастарды белсенді анықтау, оларды тексеру және санациялауға бақылау жүргізілуде. Мектепке дейінгі ұйымдарда топтық оқшаулау қағидаты қатаң сақталуда, қарым-қатынаста болғандар уақытылы  медициналық бақылауға алынып, ошақтарда тазалау және желдету режимдерін сақтау, температуралық режимді бақылау жүргізілді.

Аурудың көзі – скарлатинамен   ауыратын науқастар. Ауру күз-қыс айларында өршиді. Аурудың жасырын кезеңі он күнге дейін созылуы мүмкін. Ауру жедел басталады, қалтыраумен қатар,  температураның күрт өсуі байқалады, жүрек айну, бас ауруы, бұлшықет ауыруы, әлсіздік болады.  Аурудың 1-ші тәулігінің соңы мен 2-ші тәуліктің басында баланың кеудесіне  тұтас, ұсақ бөрткен қаптап  шығады. Бөртпенің ұзақтығы 2-4 күн, аурудың жеңіл ағымында бөртпелер тез жойылады, ал ауыр жағдайларда – 1 аптаға дейін сақталады. Ауруға тілдің өзгерістері тән, таңқурай түстес болады. Скарлатина ауруының  іріңді және аллергиялық  асқынулары  болуы мүмкін.  Аурудан емделу әдетте үйде жасалады, алайда аурудың ауыр ағымында немесе эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты ауруханаға жатқызылады. Скарлатинаның алдын алу үшін санитариялық-гигиеналық талаптарды орындап, салауатты өмір салтын ұстану, сондай-ақ науқасты оқшаулап, дәрігердің белгілеген емін бұлжытпай орындау керек.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: