Бейсенбі, 28 наурыз, 17:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Балаларға күлкі сыйла»: Балалар стоматологиялық тегін қызмет алуда

26.05.2022

778 0

«Балаларға күлкі сыйла!». Осындай атаумен Қызылорда облысында тіс ауруларының алдын алуға арналған науқан өтуде. Ұйымдастырушы – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры. Науқан аясында кішкентай пациенттер тегін стоматологиялық қызмет алуда.

Үшінші сынып оқушысы Нұрай мен сіңілсі Ақару аурған тістерін емдеу мен пломбалаудың барлық процедураларыларынан өтуде. Әжесі Үміткүл Ысқақовамен бірге барлық қажетті стоматологиялық ем-домды қабылдауға келіп тұрады.

«Немерелерімнің тістері аурып қалды. «Қанат-Орда» тіс емханасының кәсіби мамандарына жүгіндік. Енді екі немерем тегін стоматологиялық ем алып жүр. МӘМС жүйесі аясындағы осындай мүмкіндік үшін алғысымызды білдіреміз», – дейді Қызылорда тұрғыны Үміткүл Ысқақова.

18 жасқа дейінгі балалардан басқа, жоспарлы және шұғыл стоматологиялық көмекпен жүкті әйелдер де тістерді тегін емдей алады. Сондай-ақ, МӘМС жүйесінде шұғыл стоматологиялық көмекті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, I, II, III топтағы мүгедектер, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, мүгедек балаға немесе бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға қолжетімді.

«Қанат-Орда» клиникасы аймақтың емханаларымен жасалған келісім-шарт негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС аясында қызмет көрсетеді. Медициналық сақтандыру қоры емханаларға қажетті қаражат бөледі. Жыл сайын 18 жасқа дейінгі балаларды стоматологиялық көмек көрсету үшін біздің клиника мен қаладағы 13 мектептердегі стоматологиялық кабинеттерімізде екі жүз мыңға жуық баланы қабылдайды», – деп атап өтті «Қанат Орда» ЖШС директоры Серік Бекенов.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханованың айтуынша, пациенттер медициналық сақтандыру қорының деректер базасына кіретін еліміздің кез келген емханасынан қызмет алу мүмкіндігі бар ( толығырақ). Бүгінгі таңда аймақта 40 стоматологиялық қызмет жеткізушісі бар. Жыл басынан бері олар 542 миллион теңге сомаға қызмет көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: