Жексенбі, 18 сәуiр, 11:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (1731)
13.04.2021
PDF мұрағаты

Covid-19: 5 науқас жансақтау бөлімінде

16.02.2021

291 0

14 ақпанда Қазақстанда жалпы саны 772 адамның ПТР арқылы коронавируспен ауырғаны анықталды. Coronavirus2020.kz ресми сайтының хабарлауынша, індетті ең көп жұқтырған науқасы бар аймақ – Алматы қаласы болып отыр. Мәдени астанада бір тәулікте 102 адамнан Covid-19 расталған. Ал Қызылорда облысында бір күнде 13 адамнан КВИ анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 202573-ке жетті.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес 15 ақпанда «қызыл аймақта» тек Павлодар облысы тұр. Бұл аймақта 14 ақпанда 101 тұрғыннан коронавирус анықталған. Ал бұған дейін «қызыл аймақта» болған Ақмола облысы «сары аймаққа» ауысты. Эпидемиологиялық маусымда барлығы 3727 адам коронавирус жұқтырған Қызылорда облысы «жасыл аймақ» тізімінде.

Жалпы аймақта жексенбіде 13 адамнан коронавирустық инфекция анықталып, 3 науқас емделіп шыққан. Бүгінгі таңда індеттен айыққандар саны 3586-ға жетті. Сондай-ақ коронавирус анықталған адамдармен байланыста болған 15402 адам бар. Оның 12654-і тікелей қарым-қатынаста болса, 2748-і ықтимал. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Қызылорда қаласында – 2319, Жаңақорғанда – 382, Шиеліде – 310, Сырдарияда – 192, Қармақшыда – 172, Аралда – 122, Жалағашта – 118 және Қазалыда – 112 адам тіркелсе, оның 3586-ы, яғни 69,2 проценті індеттен жазылған. Қазіргі кезде инфекциялық стационарда 35 науқас ем алып, стационардың жүктемесі 16,7 процентті құрап отыр. Облыс бойынша 14 ақпанда 322 сынама зертханаға тапсырылса, оның 296 сынамасы тексеруден өткен және 26 сынамамен әлі жұмыс жасалып жатыр.

Жалпы ел бойынша 14 ақпан күні 866 адам вирустан айығып, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 185 205-ке жетті. 15 ақпанда жарияланған ақпарат бойынша 23542 адам коронавирус инфекциясынан (14733 КВИ+ және 8820 КВИ) емделіп жатыр. Оның ішінде 5339 пациент стационарда ем қабылдаса, 18203 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде. Науқастардың 249-ы ауыр жағдайда және 47 адамның жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Сонымен қатар, 44 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

15 ақпандағы мәліметке сәйкес, әлемде 411 мың науқастан КВИ анықталып, жұқтырғандардың жалпы саны 109 млн-ға жетті. Оның ішінде 61 млн адам емделіп шықса, соңғы тәулікте 12958 адам көз жұмып, қайтыс болғандар саны 2,4 млн-ды құрап отыр. Бүгінгі таңда әлем елдері Covid-19 вирусымен күресті әлі тоқтатқан жоқ. Індетті жеңудің бір жолы вакцинация болғандықтан 10 ақпанда Қытайда коронавирусқа қарсы вакцинаның 40,52 млн дозасы егілген.

ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің ресми өкілі Ми Фэн «соңғы үш күнде Қытайда коронавируспен ауырғандар тіркелмеді» деген. Десе де комитет өкілі Жаңа жыл мерекесінде ел ішінде адамдардың жүріп-тұруы мен көптеп жиналуына байланысты эпидемияның таралу қаупі өсіп жатқанын ескертіп, осыған байланысты «қырағы болуға» шақыруда.

Ал Гвинеяда 2014-2016 жылдары таралған Эбола вирусы тағы да анықталды. «Euronews» ақпараттық агенттігінің мәліметінше, Гвинеяның оңтүстік-шығысындағы Нзерекоре қаласы мен Гуеке ауданында Эбола эпидемиясы басталған.

Елдегі денсаулық сақтау министрлігі безгекпен күресу үшін бірқатар шара қабылдап үлгерген. Ол сырқаттарды мейлінше тез анықтап, олармен байланыста болғандардың барлығын оқшаулау керектігін айтты. Гвинеяның санитария қауіпсіздігі агенттігінің басшысы Сакоба Кейт «Эболаны жұқтырған жеті оқиға тіркелді. Олар – төрт ер адам мен үш әйел адам. Үш адам қайтыс болса, үш адам оқшауланды. Бір науқас Канакриде, екеуі Нзерекореде жатыр», – дейді.

 Елдегі санитария өкілдері Эбола безгегі ең алғаш Гуеке қаласында медбикеден анықталып, ол 28 қаңтарда көз жұмғанын мәлімдеді. Бірінші ақпанда әйел жерленіп, оның қоштасу рәсіміне бірнеше адам қатысқан. Араға бір-екі күн салып бірнеше адамнан сырқаттың белгілері байқалған, яғни іш өту, құсу, қан кету және ыстығы көтерілген. Тест тапсыру нәтижесінде олардан вирус анықталған. Оқиғаға байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Гвинеяға көмектесу үшін бар күшін салатынын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 2014-2016 жылдары Гвинея Батыс Африкадағы  «Эбола» вирусының таралу ошағына айналған еді. Сол уақытта бұл өңірдің 28 мың адамы ауруға шалдығып, 11 мың науқас көз жұмған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: