Жұма, 19 сәуiр, 00:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Covid-19: Бір тәулікте 1469 адам тіркелді

30.01.2021

1067 0

Жұмадағы дерек бойынша Қазақстанда бір күнде 1469 адам коронавирус індетін жұқтырған. Вирусты ең көп жұқтырған аймақ – Павлодар облысы. Онда бір тәулікте 296 адамнан Covid-19 вирусы анықталды. Ал Қызылорда өңірінде вирус жұқтырған науқастар саны – 12.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті берген ақпаратқа сүйенсек, анықталған 12 адамның барлығы облыс орталығында – Қызылордада тіркелген. Олардың ішінде 5 адамнан клиникалық белгілер байқалса, 7 адамда клиникалық белгілер жоқ. Сондай-ақ бұл науқастармен қарым-қатынаста болғандар саны 56 адамды құрап отыр.
Ал елдегі жалпы ахуалға келер болсақ, осы кезге дейін Covid-19 вирусымен тіркелгендердің жалпы саны 183999 адамға жетті. ДСМ-нің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 28 қаңтарда 1276 адам індеттен жазылып шыққан. Емделіп шыққандар саны 165595 адамды құрайды. 29 қаңтардағы дерек бойынша елде 27520 науқас, оның ішінде 15877 КВИ+ пен 11643 КВИ– белгісімен ем алуда. Олардың 6571-і стационарда, 20949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 268 науқастың жағдайы ауыр болса, 54 пациенттің жағдайы өте ауыр және 42 адам ӨЖЖ аппаратына қосылған.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастардың жалпы саны – 3583, оның ішінде Қызылорда қаласында – 2216, Аралда – 114, Қазалыда – 103, Қармақшыда – 167, Жалағашта – 117, Сырдарияда – 186, Шиеліде – 303 және Жаңақорғанда – 377 адам. 28 қаңтарда 12 науқас вирустан емделіп шықса, осы кезге дейін науқастардың 96,5 проценті, яғни 3461 адам жазылып шыққан. КВИ жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар саны – 15178. Оның ішінде 12430 адам тікелей қарым-қатынаста болса, 2748 адам ықтимал қарым-қатынас дерегімен тіркелген. 28 қаңтарда зертханаға тапсырылған сынамалар саны 1288 құраса, соның 461-і тексерілген, 827 тестпен жұмыс жасалуда. Басқарма берген мәліметте эпидемиологиялық маусым басталғалы 190639 сынама алынды делінген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: