Сенбі, 07 желтоқсан, 21:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

COVID-19: Қызылорда «жасыл» аймақта

05.02.2022

890 0

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа ауысты. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №42 Қаулысына сәйкес әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне шектеу шараларын жеңілдету «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен кейін жүргізіледі. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы аптадағы көрсеткіш бойынша облыста аурушаңдық деңгейі 1,5 есеге төмендеді. Бұл ретте коронавирус инфекциясына қарсы іске асырылып жатқан вакциналау мен қайта вакциналау қарқындылығы мен санитариялық-эпидемиологиялық шаралардың айтарлықтай әсері зор. Бүгінгі күні «Covid-19» инфекциясына қарсы иммундаудың толық курсынан тиісті контингенттің 90,2 проценті өткен.

Өңірде «Pfizer» препаратымен вакциналаудың толық курсынан өткендер көрсеткіші 15359 адамды құрайды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үлесі 19,8 процентті құраса, жүкті әйелдер үлесі 8,3 процентті, ал лактация кезеңіндегі әйелдер үлесі 8,1 процентті құрап отыр.

Бүгінгі күні 81 154 қызылордалық тұрғын қайта вакциналаудан өтті. Оның ішінде медицина саласының қызметкерлері, педагогтар, күштік құрылымдар мен 60 жастан асқан адамдар бар. Вакциналау шарасы 106 екпе кабинеттерінде жүргізілуде. Сонымен қатар 34 жылжымалы бригада жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге дейін облыс көлемінде вакциналаудан кейінгі асқыну жағдайлары орын алмаған.

Эпидахуал жақсарып келе жатқанымен вирус жұқтыру деректері әлі де болса тіркелуде. Мәселен, соңғы тәулікте 38 дерек тіркелген. Клиникалық белгілер 20 науқаста анықталса, қалған жағдайлар симптомсыз деп бағаланған. Ал вирус жұқтырған 9 дерек 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. 40 жаңа ошақ есепке алынып, індетке қарсы профилактикалық эпидемиологиялық-дезинфекциялық шаралар жүргізілген. Вирус жұқтырғандармен байланыста болған 53 адам медициналық бақылауға алынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: