Жұма, 29 наурыз, 18:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Covid-19: Сақтансаң сақтайды

08.12.2021

688 0

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде «Pfizer» вакцинасының 1 до­за­­сын 126674 адам салдырды. Ал 15 қараша мен 5 желтоқсан ара­лы­­ғында Қызылордада 8033 адам аталған вакцинаны алды. Оның ішін­де 6068 жасөспірім, 919 жүкті, 1046 емізулі ана бар. Сондай-ақ халық арасында қайта ревакцинациялауда қарқынды жүріп жатыр.

Қазіргі кезде пандемияға байланысты орын алған дағдарыс бүкіл әлемге, сондай-ақ Қазақстанға медицина, білім беру, әлеуметтік салаларды дамытудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Елде төтенше жағдайдың алғашқы мерзімінде осы салалардағы ұйымдастыру жұмыстары, технологиялық жабдықтау мәселелері бойынша біршама олқылықтың болғаны белгілі.

Осы орайда денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыру бойынша, төтенше жағдайда жедел әрекет ету бағытына түбегейлі өзгерістің қажеттігі туындады. Десе де сын сағаттарда медицина қызметкерлері аяқтан тік тұрып, күні-түні үйіне қайтпай жұмыс істеді. Алайда коронавирус инфекциясы алдағы уақытта тосыннан келген нендей жағдайға да сақадай сай дайындық керектігін көрсеткендей.

Бүгінде Сыр өңірі жасыл аймақта тұр. Дегенмен қауіп әлі де сейілген жоқ. Себебі 5 желтоқсан күні коронавирус инфекциясымен 4 жағдай тіркелді. Анықталған 4 жағдайдың 4-еуі симптомды. Оның біреуі инфекциялық стационарға жатқызылды. Қалған үшеуі үй жағдайында ем қабылдайды. Сонымен қатар 4 науқас емделіп шықты. 2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен аймақта 19338 науқас тіркелсе, 18786 адам емделіп шықты.

А.Қадырхан

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: