Жексенбі, 08 желтоқсан, 07:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

COVID-19: Тәртіп бұзғандарға айыппұл салынады

22.02.2022

759 0

Қазіргі кезде Сыр өңірінде коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Қызылорда облысы4 ақпаннан бастап «жасыл» аймақта. Десе де 21 ақпанда 3 жағдай тіркелді. Анықталған жағдайдың 3-і де симптомсыз. Оның 2-і үй жағдайында бақылануда.

Айта кету керек, 2020 жылдан бері облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың 24076 жағдайы тіркелген. Ал жыл басынан бері 4 642 адам коронавирус жұқтырған.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше, Қызылордада оқшаулану тәртібін бұзған «қызыл» мәртебесіндегі 162 тұрғын анықталды. Бүгінде аймақта 4 мыңға жуық нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған. Олардың басым көпшілігі – қоғамдық тамақтану нысандарының үлесінде. Жыл басынан бері коронавирус инфекциясына шалдыққанына қарамастан, үйде оқшаулану тәртібін бұзған «қызыл» мәртебедегі 162 тұрғын анықталды. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес дертке шалдыққанын біле тұра карантин талабын бұзған 25 адам тиісті жазаға тартылды. Оларға жалпы көлемі 1 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Тәртіпті бұзғандардың дені халық көп шоғырланатын қоғамдық тамақтану, сауда нысандары мен темір жол вокзалында анықталды.

Ақмарал ОЛЖАБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: