Сенбі, 22 маусым, 04:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Дәрігер қандай дәруменнің жетіспеушілігі қатерлі ісікке әкелуі мүмкін екенін айтты

18.12.2023

593 0

Фото: Massaget.kz

Біздің ағзамызға тамақпен бірге түсетін дәрумендер түрлі органдар мен жүйелер жұмысына әсер етеді. Кейде органикалық қосылыстардың жетіспеушілігі денсаулықты бұзуы мүмкін. Невролог Ксения Овсянникова қандай дәруменнің жетіспеуі қатерлі ісікке әкелуі мүмкін екенін айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz 

Кей адамдар дәрумендердің пайдасын тым жоғары бағалайды. Сол үшін де көпшілік биологиялық қосымшаларды өте көп қолданады. Алайда дәрумендерді жеткілікті мөлшерде біз тамақтан ала аламыз. Ол үшін рационыңыз әртүрлі және үйлесімді болуы керек.

«В12 дәруменінің жетіспеушілігі онкологияға әкелуі мүмкін деген жарияланымдар бар. Оған себеп – метилдеу биохимиялық процестеріндегі күрделі сұрақтар», – дейді дәрігер.

В12 дәрумені немесе кобаламин – суда еритін В тобының дәрумені. Оның ядросында кобальт атомы бар және ол құрылымы бойынша гемоглобинге ұқсайды. Дәруменнің бір бөлігі ішек микробиотасында синтезделеді, бірақ ол күндізгі нормадан аз.

«Кобаламиннің негізгі қызметі – барлық жасушаларды (әсіресе, қанның) бөлу, ДНҚ және РНҚ жасушаларының генетикалық материалын синтездеу, аминқышқылдар алмасуы, уытты заттарды бейтараптау, жүйке талшықтарының қабықшасын синтездеу», – деп түсіндірді невролог.

Кобаламин ағзаға күнде жануар өнімдерімен бірге келуі керек. В12 дәрумені бауыр, ет, балық, жұмыртқаның сарысы, сүт, ірімшік және сүзбеде болады. 

В12 дәрумені жетіспеушілігінің белгілері

В12 дәруменінің жетіспеушілігі бірден байқалмайды, себебі оның бауырдағы қоры физиологиялық жоғалтулардың орнын ересектерде 3-5 жыл бойы, ал балаларда 1 жыл бойына толықтырып отыруы мүмкін. Оның белгілері адамда бар ауру белгілерінің астында жасырынып тұруы да мүмкін.

Мына белгілер ағазаға В12 дәрумені жетіспейтінін көрсетуі мүмкін:

  • шаршаңқылық;
  • бас ауыру және бас айналу;
  • ұйқышылдық немесе ұйқысыздық;
  • алаңғасарлық;
  • демікпе және жиіленген жүрек соғысы;
  • Аяқ-қолдың қатты ауыруы.

«Әйелдерге В12 дәрумені жетіспеген кезде шаш көп түседі, түсініксіз невроз, мазасыздық, ұйқының бұзылуы және т.б пайда болады. Сондай-ақ ересектерде аяқ-қолының ұюы немесе шаншып ауыруы, жараның дұрыс жазылмауы, невроз, нашар есте сақтау байқалуы мүмкін. Ал балаларға В12 дәрумені жетіспесе, дамуында тежелістер болуы мүмкін», – дейді Ксения Овсянникова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: