Бейсенбі, 14 мамыр, 12:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 (2247)
13.05.2026
PDF мұрағаты

Дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерінің халық денсаулығын қорғаудағы маңызы және рұқсат алу тәртібі

14.05.2026

105 0

Фото: ашық дереккөзден

Қоғамдық денсаулықты сақтау мен санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерінің маңызы зор. Бұл жұмыстар жұқпалы аурулардың таралуының алдын алып, тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.


Дезинфекция – адам денсаулығына қауіпті бактериялар, вирустар мен басқа да микроорганизмдерді жоюға арналған шаралар кешені. Ол ауруханаларда, мектептерде, балабақшаларда, қоғамдық орындарда, тамақтану нысандарында және тұрғын үйлерде жүргізіледі.
Дезинфекцияның негізгі мақсаты:

  • инфекциялық аурулардың алдын алу;
  • санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • халық денсаулығын қорғау.
    Дезинсекция – зиянды жәндіктерді (маса, шыбын, тарақан, кене және т.б.) жоюға бағытталған шаралар. Залалсыздандырудың бұл түрі ауру қоздырғыштарының таралу қаупін азайтады, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
    Дератизация – кеміргіштерді (егеуқұйрық, тышқан және т.б.) жою жұмыстары. Кеміргіштер адам денсаулығына қауіпті инфекцияларды таратып қана қоймай, азық-түлік өнімдеріне, ғимараттарға және инженерлік желілерге зиян келтіреді. Дератизация жұмыстары:
  • оба, лептоспироз, туляремия секілді аурулардың алдын алады;
  • санитариялық жағдайды жақсартады;
  • экономикалық шығындардың азаюына ықпал етеді.
    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 1-ші шілдесінен бастап дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін лицензиялау енгізілгені белгілі.
    Себебі дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстары арнайы химиялық препараттарды қолданумен байланысты болғандықтан, бұл қызмет түрі кәсіби дайындықты және санитариялық талаптарды қатаң сақтауды қажет етеді. Сондықтан осы салада қызмет көрсету үшін заңнамаға сәйкес тиісті рұқсат құжаттарын алу маңызды.
    Рұқсаттың болуы:
  • қызметтің заңды түрде жүргізілетінін көрсетеді;
  • қолданылатын препараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
  • мамандардың арнайы даярлықтан өткенін растайды;
  • халықтың денсаулығын қорғауға кепіл болады.
    Рұқсатсыз немесе талаптарға сай емес жүргізілген жұмыстар адам денсаулығына зиян келтіруі, улану жағдайларына және қоршаған ортаға кері әсер етуі мүмкін. Бұл ретте қызмет көрсетушіні таңдау кезінде бірқатар жағдайларды ескеру маңызды.
    Тұрғындар мен мекеме басшылары дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтеріне жүгінген кезде:
  • рұқсат құжаттарының болуына;
  • қолданылатын препараттардың тіркелуіне;
  • мамандардың біліктілігіне;
  • қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударуы қажет.
    Санитариялық қауіпсіздік – әр азаматтың денсаулығын қорғаудың маңызды кепілі. Сондықтан дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын тек заң талаптарына сәйкес қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдарға сеніп тапсырған жөн.

Г. Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: