Сәрсенбі, 22 сәуiр, 16:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Елімізде дәрі-дәрмек пен медқызметтерге төлемде ЖСН талап етілуінің себебі түсіндірілді

22.04.2026

46 0

Фото: freepik.com

Қазақстанда дәрі-дәрмек сатып алу және медициналық қызметтерге ақы төлеу кезінде чектерде пациенттің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсету талабы не үшін қарастырылып жатқаны белгілі болды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында бұл тетік қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауға бағытталғанын айтты.

– Бұл механизм белгілі бір санаттағы азаматтарға дәрі-дәрмек сатып алуға бөлінген қаражаттың нақты сол мақсатқа жұмсалғанын растау үшін қарастырылып отыр, – деді ол.

Сонымен қатар вице-министр бұл тетікті енгізу бірқатар техникалық қиындықтарға байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа жүйе барлық азаматтың қаржылық операцияларын толық бақылауды көздемейді.

– Мысалы, егер сіз дәрі-дәрмекті тек өз картаңыз арқылы сатып алсаңыз және біз сол карта бойынша толық деректер алатын болсақ, онда сәйкестендіру жүргізуге болады. Бірақ қазіргі таңда біз барлық азаматтар бойынша толық деректерді алмаймыз, сондықтан бұл артық шара болуы мүмкін. Біз мұны дұрыс емес деп есептейміз, – деді Ержан Біржанов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: