Жұма, 21 маусым, 11:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Енді еңбекке жарамсыздық парағы электронды түрде беріледі

25.01.2024

357 0

Фото:  Stan.kz 

Қазақстанда денсаулығына байланысты демалыс парағы енді тек электронды түрде беріледі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, бұл жұмыс берушілердің де, азаматтардың да өмірін жеңілдетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бизнес-процестің өзі толығымен қайта жасақталды. Науқастарға еңбекке жарамсыздық парағын алу үшін енді емханаға келудің қажеті жоқ, ал жұмыс берушілерге оның оған қол қоюдың қажеті болмайды. Барлығы тек электронды форматта жүргізіледі. Еңбекке жарамсыздық парағын порталдағы eDensaulyq қызметінен және eGov.kz мобильді қосымшасынан табуға болады.

“Биыл қағаз түріндегі еңбекке жарамсыздық парағын толығымен алып тастадық. Еңбекке жарамсыздық парағын ашу туралы фактілер де азаматтың келісімімен жұмыс берушіге электронды түрде беріледі. Егер бұрын еңбекке жарамсыздық парағы қызметкер жұмысқа келген кезде әкелінетін болса, енді біз еңбекке жарамсыздық парағы ашылған немесе ұзартылған сәтте хабарлаймыз”, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: