Сейсенбі, 19 мамыр, 17:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Хантавирустың алдын алу бойынша шетелге шығушы туристерге ұсынымдар

19.05.2026

46 0

Фото: ашық дереккөзден

Хантавирустық инфекция — кеміргіштерден немесе олардың бөлінділері арқылы адамға жұғатын қауіпті вирустық ауру. Вирус адам ағзасына шаң, тамақ, су немесе тістеу арқылы түсуі мүмкін. Сондықтан аурудың алдын алу үшін санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау аса маңызды. Әсіресе, шетелге сапарлайтын азаматтар сақтық шараларын күшейтуі қажет.


Кеміргіштер мекендейтін орындарға бармау, олардың бөлінділерімен байланыстан аулақ болу — инфекцияның алдын алудың негізгі жолдарының бірі. Табиғат аясында немесе ауылдық жерлерде демалған кезде азық-түлік пен судың тазалығына ерекше көңіл бөлген жөн.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хантавирустың алдын алу бойынша келесі сақтық шараларын ұсынады:

  • кеміргіштермен ластануы мүмкін азық-түлік пен суды пайдаланбау;
  • стихиялық және көше сауда орындарынан тамақтан бас тарту;
  • азық-түлікті тығыз жабылатын ыдыстарда сақтау;
  • жабық үй-жайларды алдын ала желдетіп, ылғалды тазалау жүргізу;
  • тазалау кезінде қолғап, маска сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану;
  • адамдар көп жиналатын орындарда жеке профилактика шараларын сақтау;
  • қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтау.
    Егер сапардан оралғаннан кейін 1-8 апта ішінде әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бұлшықеттің ауырсынуы, жөтел немесе ентігу белгілері байқалса, шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлап, дереу медициналық ұйымға жүгіну қажет.
    Хантавирустық инфекцияның алдын алу — әр азаматтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауынан басталады. Тазалық сақтау, қауіпсіз тағам тұтыну және санитариялық талаптарды орындау арқылы қауіпті инфекциядан қорғануға болады.

Гульмира Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: