Сәрсенбі, 08 мамыр, 06:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Кәсіпкерлерге санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндірілді

15.03.2024

365 0

Ас-ауқат – бұл тек тіршілік ету үшін қорек көзі немесе пайда табудағы кәсіп көзі ғана емес, бұл кей жағдайда адам денсаулығына зақым келтіруі мүмкін қауіп болуы мүмкін.

Ауру тасымалдағыш микроағзалар азық-түлік арқылы тез таралады. Сондықтан мейрамхана, кафе, асханалардың кез келген қызметкері келушілерге зиян тигізбес үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды жақсы меңгеріп, орындауы тиіс.
Тағамнан уланудың топтық жағдайлары негізінен тамақ дайындау технологиялық процесінің бұзылуымен және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы міндетті талаптардың сақталмауымен байланысты болады.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қадағалауында 2039 тағам объектісі бар. Оның 122-сі тағам өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорындар мен өнеркәсіп орындары, 567-сі қоғамдық тамақтану орындары, 1337-сі сауда кәсіпорындары, азық-түлік базарлары-10 және өзге тағам нысандары-3.
Тамақтану объектілеріне арнайы белгіленген санитариялық талаптар бар, алайда кәсіпкерлердің барлығы бірдей бұл талаптарды сақтай бермейді. Ал бұл өз кезегінде тағамнан улануларға алып келуі әбден мүмкін.
Тағамнан уланулардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен “Атамекен” кәсіпкерлер палатасында сауда, қызмет көрсету және туризм кеңесі отырысы өтті.
Шара барысында қоғамдық тамақтану, көтерме және бөлшек саудамен айналысатын объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар өндірістік бақылаумен қамтамасыз етпеу, қызметкерлердің гигиеналық оқытудан және медициналық қарап-тексеруден уақытылы өтпеуі, ет өнімдерінің ветеринариялық бақылаудан өткендігін дәлелдейтін құжаттарының болмауы, жуу, дезинфекциялау режимінің сақталмауы сияқты тексеру барысында анықталған кемшіліктер тамақтан улануға әкеп соғатын басты факторлар ретінде атап көрсетілді.
Кеңес отырысында кәсіпкерлер санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірдә, ашық талқылау болды.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: