Жұма, 26 сәуiр, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Көпірден секірген қыз аман қалды

27.04.2022

679 0

Қызылорда қаласында Сырдария өзені үстіндегі көпірден суға секірген жасөспірім қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 25 сәуірде жергілікті уақыт 18.00 шамасында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ғ. Мұратбаев көшесі бойындағы Сырдария өзені үстінен сол жағалауға өтетін көпірдің үстінен жасөспірім қыздың суға секіріп кеткені жөнінде хабардама түсті.

«Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы 1 техникамен жетті. Құтқарушылар 2008 жылғы жасөспірім қызды сол жерде байқаған адамдардың жағаға шығарғанын анықтады. Одан кейін жасөспірім қызды зембілге салып, жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырды», – деп жазылған департамент таратқан хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: