Жұма, 29 наурыз, 15:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

МӘМС туралы жиі қойылатын сұрақтар

12.12.2022

391 0

МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі неше ай сақталады, жұмыс істемейтін жүкті әйел ретінде жеңілдікті сақтандыру мәртебесін қалай алады? Осы және басқа да сұрақтарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жауап берді.

Егер жеке кәсіпкер қызметі ресми түрде тоқтатылса, оның иесі жарналарды қалай төлейді?

            Егер ЖК өз қызметін тоқтатса және кәсіпкердің басқа табысы болмаса, онда ол екі нұсқа бойынша төлейді: дербес төлеуші ретінде ЕТЖ-дан 5% –           3 000 теңге (2022 ж.); Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін 1 АЕК (2022 ж. 3 063 теңге) және қалған елді мекендердің тұрғындары үшін 0,5 еселенген АЕК (1 531,5 теңге) мөлшерінде бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлейді.

Егер өз қызметін тоқтатқан жеке кәсіпкер жалдамалы жұмыс істесе, онда жұмыс беруші аударымдарды төлейді және оның жалақысынан жарналар ұсталады

Сақтандыру мәртебесінің қашан аяқталатынын білгім келеді? Айдың басында бітуі керек пе? Жұмыс беруші кешіктіріп төлеп жүр. 

 Қызметкерлердің сақтандыру мәртебесі соңғы төлем жасалған күннен бастап 3 ай бойы сақталады. Егер жұмыс беруші соңғы төлемді тамыз айында аударған болса, онда МӘМС жүйесіндегі мәртебе қараша айына дейін сақталады. Осы уақыт ішінде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төлемдерді жүзеге асыра алады. 

Бірынғай жиынтық төлемді төлегеннен кейін жұмыс істемейтін жүкті әйел азаматтардың жеңілдікті санатында «Сақтандырылған» мәртебесін жоғалтты. Бұл жағдайда не істеу керек?

Егер әйел ресми түрде жұмыс істемесе және «жұмыс істемейтін жүкті әйел» ретінде жеңілдік санатына кіргісі келсе, онда ол үшін соңғы 2 айда зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар түспеуі керек, яғни егер әйел, мысалы, сәуір мен мамыр айларында БЖТ төлемесе, онда маусым айында оған жеңілдік мәртебесі беріледі. Сақтандыру мәртебесін жоғалтпау үшін бұл әйелге тәуелсіз төлеуші ретінде ақы төлеу керек. 2022 жылы жарна сомасы 3 мың теңгені құрайды. Егер жүкті әйелдің ЖЕҢІЛДІК САНАТЫНА ЕНГІЗІЛГЕНГЕ ДЕЙІН қарызы болса, онда ол оны төлеуі керек (сонғы 12 айдын) немесе БЖТ төлеуді жалғастыруы керек.

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз емхананың анықтама қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: