Жексенбі, 19 мамыр, 11:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Маман кеңесі: балаңызды көкжөтелден қорғау үшін қандай сақтық шараларын орындау керек?

19.01.2024

203 0

Қызылорда облысы бойынша 2023 жылы көкжөтелдің 1 дерегі, ал биыл 2 жағдай анықталды. Барлығы екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар.

Көкжөтел – бұл көбінесе балаларда байқалатын және белгілі бір клиникалық көрінісі мен белгілері бар инфекциялық ауру. Көкжөтелдің ерекшелігі – тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы.

Жиі асқынулар екі жасқа дейінгі балалар мен қарт адамдарға анағұрлым тән. Алайда, кез келген жаста ауру әл-ауқатты едәуір нашарлатуы мүмкін, сондықтан көкжөтел белгілері мен инфекцияны жұқтырудың алдын алу әдістерін білу маңызды.

Көкжөтелдің белгілері жоғары тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас:

– дене қызуының +38°С-қа дейін көтерілуі, қалтырау;

– әлсіздік, бұлшықеттердің ауырсынуы, бас ауруы;

– мұрын жолдарынан ағу, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, шырышты қабықтың ісінуі.

Қоздырғыштың берілуі инфекция жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа-тамшылы жолмен жұғады. Науқас адам аурудың айқын сатысы басталғаннан кейін 30 күн ішінде алғашқы патологиялық көріністерден инфекцияны тарата алады.

Көкжөтелге қарсы негізгі алдын алу шарасы – вакциналау болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға екпе егу бір мезгілде тиісінше 5-6 аурудан: дифтериядан, сіреспеден, көкжөтелден, полиомиелиттен, В типті гемофильді инфекциядан және В гепатитінен қорғайтын құрамында АбКДС бар бес және алты компонентті құрама вакциналарды қолдана отырып жүргізіледі. Көкжөтелден барынша қорғау үшін балаларға 5 екпе алу қажет, оның ішінде 2 айлығынан бастап 1 ай аралығымен 3 екпе, содан кейін бірінші ревакцинация бір жарым жаста, екінші ревакцинация 6 жаста жүргізіледі.

Балаңызды иммундауды кешіктірмеңіз! Оның денсаулығы – сіздің қолыңызда!

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: