Бейсенбі, 09 мамыр, 04:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Медицина мамандарын резидентурада даярлауға облыс әкімінің 25 гранты бөлінді

12.09.2023

288 0

Бүгінде Қызылорда облысында 2 860 дәрігер мен 10 мыңнан астам орта буынды медицина саласының қызметкері жұмыс істейді. Осы орайда, өңірде медицина саласы мамандарының тапшылығын азайту және кәсіби білікті арттыру мақсатында ақ халаттыларды резидентурада даярлауға облыс әкімінің 25 арнайы гранты бөлінді. Бұл жөнінде Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков хабарлады.

– Уақыт өткен сайын Сыр медицинасында серпінді жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, облыс әкімінің тікелей қолдауымен медицина саласының мамандарына үлкен мүмкіндік беріліп жатыр. Осының нәтижесінде, облыс халқының медицина қызметкерлерімен қамтылуы бойынша республикада алдыңғы қатарда. Жалпы 2017-2022 жылдар аралығында медицина саласында сұранысқа ие жалпытәжірибелік дәрігерлерді даярлауға – 147, тар буынды мамандарды резидентурада даярлауға – 131 облыс әкімінің гранты бөлінді. Олардың ішінде 96 маман оқуларын сәтті аяқтап, облысымызда өз қызметтерін жалғастырып жатыр. Биыл да бұл үрдіс өз жалғасын тауып, оқуларын резидентурада жалғастыруға ниет білдірген 25 дәрігер облыс әкімінің грантын иеленді. Қазіргі таңда барлығы 59 резидент еліміздің 10 жоғары оқу орындарында даярлануда, – деді басқарма басшысы Олжас Ермекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: