Сәрсенбі, 20 мамыр, 22:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Медицина қызметкерлерінің арасында семинар ұйымдастырылды

20.05.2026

54 0

Фото: Денсаулық Сақтау Басқармасы

Бүгін Қызылорда медициналық жоғары колледжінің мәжіліс залында денсаулық сақтау қызметкерлерінің арасында «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңы мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормалары бұзушылықтарының алдын алу және қаржылық қауіпсіздік шаралары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілдi.

Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлы, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Оралбаева Майра Тұрлыбекқызы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Жұмаев Сәкен Бауыржанұлы және Қазақстан Республикасындағы Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Әбдіқадыр Бағдат Нажмедденұлы қатысып, сала қызметкерлеріне әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және қаржылық қауіпсіздік шаралары бағытында кеңес берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: