Бүгін Қызылорда медициналық жоғары колледжінің спорттық алаңында денсаулық сақтау саласының ардагері Ернияз Омаровты еске алуға арналған Қызылорда облысының медицина қызметкерлерінің дәстүрлі 58-шi спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Мемлекеттік Әнұраннан бастау алған спартакиаданың ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан соң медицина саласының ардагерi Тұрғанбай Маханов пен Ернияз Омарұлының немересi сала қызметкерлеріне жылы лебіздерiн арнап, алғыстарын жеткіздi. Шара одан әрi тартысты жарысқа жалғасты.
Жеңімпаздарға мамыр айының соңында ұйымдастырушылардың арнайы «Алғыс хаттары» мен бағалы сыйлықтары табысталатын болады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы әрдайым бұқаралық спортты дамыту қажеттілігін айтып келеді. Соған сәйкес, еліміздің барлық өңірінде спорттық инфрақұрылым қарқынды дамып, салауатты өмір салтының мәдениеті қалыптасып келеді. Біздің аймақтағы денсаулық сақтау саласы да әрдайым мұндай тенденциялардың алдыңғы шебінде.
Спорттық спартакиада дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып, сала мамандары әрдайым белсенді қатысып келеді. Ымырасыз күресте ең мықтыларды анықтау үшін жыл сайын медицина саласының барлық мекемесінен спортшылар жиналып, жарыс арқан тарту, шағын футбол, волейбол секілді эстафеталық спорт түрлерінен өткiзiледi.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
