Сенбі, 27 сәуiр, 03:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

08.02.2022

583 0

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында  оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып,  жалақылары 20-30%-ға көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-Министрдің сөзінше, денсаулық сақтау саласында  алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы  жақсартылады.

«Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында  оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып,  жалақылары 20-30%-ға көтеріледі. Студенттердің стипендиялары 20%-ға,  магистранттар, докторанттар мен резиденттердің стипендиялары  15%-ға көбейеді», деді Смайылов.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов  ауылдық жерлерде  кемінде 80 денсаулық сақтау объектілерін салу көзделіп отырғанын жеткізді.  Оның ішінде 4 инсульт орталығы және 10 балаларды оңалтуға арналған орталық  ашылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: