Сейсенбі, 23 сәуiр, 14:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым

23.04.2024
PDF мұрағаты

Медициналық қызметтің сапасын сын көтермей тұр

24.08.2021

679 0

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Биыл I жартыжылдықта халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 33,3 мыңдай түрлі кемшілік анықталды, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 502 млн теңгеден асты.

«ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асатын атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Қор филиалының директоры түсіндіргендей, анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Жалпы құны 37 млн теңге болатын 26,3 мыңнан астам осындай ақау тіркелді. Сондай-ақ амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде 2231 ақау, тәулік бойы жұмыс істейтін көпбейінді стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 4125 кемшілік және ауылдық стационарларда 609 ақау анықталды.

Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau – 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

«Ақмешіт ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: