Жұма, 29 наурыз, 20:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы жалған вакцинация паспорттарын жасағандарға қатаң жаза қолдануды тапсырды

19.07.2021

942 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалған вакцинация паспортын жасап жатқандарға жазаны қатаңдатуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Иммундау процесін баяулататын тағы бір өзекті мәселе вакцинацияның жалған төлқұжаттары. Мұндай кері әсерін тигізетін әрекеттерді жедел түрде ауыздықтау маңызды. Қазір жұмыс жүргізіліп жатыр, оны соңына дейін жалғастыру керек”, – дейді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы жалған вакцинация төлқұжатын жасауға қатысты жұмысты тоқтатпауды тапсырды. 

“Вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырамын. Мен бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтерген болатынмын. Бұл жерде елдің ұлттық қауіпсіздігі мәселесі қозғалып отыр”, – дейді Тоқаев. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: