Сенбі, 21 желтоқсан, 19:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Министр сапары: Ақысыз демалысқа ешкім шықпайды

02.10.2022

592 0

Кеше ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сыр өңіріне  жұмыс сапармен келді. Іс сапар барысында министр облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті.

Басқосуда өңірдегі медициналық қызметтің сапасын арттыру және ауылдық елді мекен тұрғындарының денсаулығын жақсарту шаралары,  ана мен бала өлімін барынша азайту және науқасты қажетті орынмен қамту мәселесін талқыланды. Сонымен қатар Сыр елінен жаңа медициналық нысандар салу, дәрігерлерге әлеуметтік көмек көрсету  мәселелері сөз болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі аймақ басшысымен бірге облыстық перинаталдық орталығына барып, перзентхананың жұмысымен танысты. Содан соң об­лыс­­тық медициналық жедел-жәрдем стансасына барды.

Министр 350 төсектік перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімінде жатқан балаларды бақылап, ерте босанған аналармен кездесті. Мұнда өте қиын жағ­дайдағы және аса күтімді қажет ететін нәрестелер, салмағы 500 грамм және одан жоғары балалар түседі.

Денсаулық сақтау министрлігі құрсақішілік кезең­нен бастап балалардың денсаулығын нығайтуға бағыт­талған бірнеше бастаманы жүзеге асыруда.  Алдағы уақытта қабылданып жатқан шаралар жүкті әйелдерді босануға дейінгі сапалы бақылаумен қамтуды 80%-ға дейін арттыруға ықпал етпек.

Айта кетейік, министр жұмыс сапары барысында бірқатар меди­цина­лық нысандарды аралап, халық­пен кездесті. Тұрғындарды жеке қа­былдады. Сондай-ақ жер­гі­лікті БАҚ өкілдері үшін арнайы брифинг берді. Мұнда бір­қатар журналистердің түйіт­кілді сауал­дарына жауап берді.

Министр қаладағы емхана қызмет­кер­лерінің ақысыз демалысқа мәжбүрлі түрде шығып жатқанына орай қойылған сауалға былайша жауап берді.

– Бұл мәселе бойынша Сыр өңіріне арнайы комиссия келіп, бір апта емханаға бөлінген қаржының дұрыс бағытта жұм­салғанын жіті тексерді. Нәтижесінде қосымша қаржы бөлу керектігі белгілі болып, бұл мәселе министрлік тарапынан оң шешім тапты. Енді қажетті қаржы бөлінеді. Сондықтан емхана қызметкерлері бұрынғыша жұмысын жалғастыра береді, –деді министр.

Екі күндік жұмыс сапарында Ажар Ғиният Шиелі ауданының ауданаралық ауруханасына барып, аудандағы Досбол би ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысады.

Ақмарал ОЛЖАБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: