Жұма, 17 мамыр, 10:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Министрлік «Алтын белгі» алу талаптарын қатаңдатады

19.08.2021

773 0

 Қазақстанда «Алтын белгіні» алу талаптары қатаңдатылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

«Біз жыл сайын талаптарды кезең-кезеңімен қайта қарап келеміз. Өткен жылы талапты қатаңдату мәселесі көтеріліп, бірқатар өзгеріс енгізілді. Биыл екінші кезеңде үміткердің оқу жылы соңындағы нәтижесі ғана емес, 5-11 сынып аралығында әр тоқсанды беске аяқтауы ескеріледі», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрлік  мұндай талапты маңызды әрі нәтижелі деп есептейді. «Алтын белгіге» үміткер орта білімін мектепте мемлекеттік емтиханды беске тапсырып, қорғап шығуға тиіс.

«Алтын белгі» – қазақстандық білім беру жүйесінде озат оқушыға берілетін төс белгі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: