Сәрсенбі, 29 мамыр, 01:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

МРТ және КТ күту уақыты қысқарды

08.11.2022

1106 0

Қызылорда облысында 4 магнитті-резонансты томограф, 10 компьютерлік томограф бар. Олардың санының артуымен осы диагностикалық зерттеулерге кезек күту уақыты қысқарды, деп атап өтті медициналық ұйымдардың мамандары тілшілерге арналған баспасөз туры барысында – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы.

Қала тұрғыны Ақсәуле Әшірбаеваның жүрегіне ашық ота жасалды. №1 емханада тіркілген жері бойынша жарты жыл сайын күндізгі стационарда емделіп, міндетті тексеруден – жүректің УДЗ-ден өтеді.
«2018 жылдан бері жүрек ауруы бойынша есепте тұрамын, 2 топтағы мүгедек. Емдеу, дәрі-дәрмек, диагностикалық тексерулер – осының барлығын дер кезінде, тегін алып тұрамын. Алғаш рет кардиологқа жүгінгенімде ентігумен жүру қиын болды. Қазір әл – ауқат жақсарды», – дейді Ақсәуле Әшірбаева.
Облыс орталығынан ең шалғайдағы Арал ауданының тұрғыны Гүлжахан Назарованың басы қатты ауырып, бас айналуы мазалайды. Себебін анықтау үшін науқасқа МРТ зерттеуі тағайындалды. Жергілікті дәрігердің тиісті жолдамасымен Гүлжахан апа «INVIVO» клиникасына тегін тексеруге келді.
«Жақында МРТ сараптамасы тағайындалды. Қан қысымының жоғарылауы, оттегінің жетіспеушілігі, бас ауруы мазалайды. МРТ зерттеуінің нәтижесі бір күннен кейін белгілі болады. Менің денсаулығыма қауіп төнбейді деп үміттенемін», – дейді Гүлжахан Назарова.
МРТ сараптамасын күту уақыты қысқарды, дейді клиника мамандары. Бұрын апталап кезек күтуге тура келсе, кәзір 1-2 күн. МРТ диагностикалық тексеру құны 17 мың теңге. МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға – тегін.
«МРТ тексеруден өту үшін тіркелген емхананың емдеуші дәрігерінің жолдамасы қажет. «INVIVO» клиникасы мен емхана арасындағы келісім-шарт негізінде пациент бұл қызметті ӘМСҚ қаражаты есебінен тегін алады. Күн сайын аймақтың 40-қа дейін, жыл сайын 10 мыңға жуық тұрғынын қабылдаймыз. Негізінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсетеміз», – дейді «INVIVO ВДП» ЖШС өңірлік директоры Қуат Төлешев.
2022 жылдың 9 айында облыстың 8 медициналық ұйымы жалпы сомасы 168,2 млн теңгеге 14 588 КТ қызметін, 4 медициналық ұйым – 714,7 млн теңгеге 21 128 МРТ қызметін көрсетті, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова. Биыл консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыруға 13,2 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде МӘМС бойынша – 11,4 млрд.теңге.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: