Жұма, 28 қаңтар, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (1812)
25.01.2022
PDF мұрағаты

Музыка неврологиялық аурулардың алдын алуға көмектесетіні рас па?

26.11.2021

421 0

Музыкалық аспапты ойнау мен әуен тыңдау адамның ми қабатын белсенді етіп, сөйлеу, есте сақтау мен эмоция білдіру, қозғалу сынды әрекеттерін қалпына келтіреді. Әсіресе, бұл неврологиялық ауруларға шалдыққан немесе ауыр апатқа түсіп, ес-түсін жоғалтып алған, сондай-ақ, қартаюдың белгілері басталған жандарға пайдалы көрінеді.

Ғалымдардың айтуынша, музыка адамды сергітіп, жан тыныштығын, сабырын қалпына келтіретін – табиғи дәрі. Музыканың терапиялық, яғни, сауықтыру қуатына ие емдеу шарасы екенін біршама зерттеу еңбектері дәлелдеген.

Мәселен, мына бір зерттеуде музыка қосылғанда адам миында өз-өзін қалпына келтіруге күш жұмсайтын сұйықтықтың көбірек бөлінетіні айтылған. Соның есебінен жарақат алған, ауру болған ми қалпына келу процесін іске қосып, өзін сауықтыруға көшетін көрінеді.

Тағы бір зерттеуде мына нәрсе айтылған. Альцгеймер дертіне шалдыққандарға әуен тыңдатса, ұмытып қалған нәрселерін есіне түсіреді екен. Сондай-ақ, ми жарақатын алып, ес-түсін жоғалтып алған адамның таныс әуенге елітіп, онымен қосылып ән шырқағаны туралы деректер бар.

Қазір зерттеушілер музыканың мұндай қасиетін Паркинсон ауры, инсульт, ми жарақаты сынды ауруларды емдеуге қолданудың амалдарын ойластырып жатыр. Осы бағытта неврологиялық муызкалық терапия әдісі ойлап табылды.

Терапияда науқастың ми функциясын қалпына келтіруге көмектеседі-ау деген әндер, ырғақты  әуендер қосады. Әуен ырғағы қимылсыз қалған адамды қимылға келтіруге қабілетті. Науқас ырғаққа салып қозғалып, қимылдайды, жүреді. Инсульт алған адамның кейде сал болып, сөйлеуден айырылып қалатыны белгілі. Сондайда денесін қозғалысқа келтіріп, физикалық формасын қалпына келтіруге осы музыкалық терапия қолданылады.

«Музыка қалай ғана неврологиялық ауруларды емдеуге көмектеседі?» дегенге келсек, жоғарыда айтылғандай, әуен мидың түпкі қыртыстарын қалпына келтіруді белсенді етіп, миді әртүрлі, алыс жатқан қабаттарын бір-бірімен байланысуына ықпал етеді. Ал неврологиялық аурулар мидың белгілі бір қабатының «өліп» қалуынан емес, әртүрлі бөліктердің бір-бірінен ажырап қалуынан пайда болады.

Ал әуен мидың нейрон қабатын қалпына келуін күшейтіп, жаңа байланыстардың құрылуына әсер етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: