Бейсенбі, 28 наурыз, 18:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Денсаулық сақтау министрімен кездесті

30.09.2022

540 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен кездесті. Басқосуда өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын арттыру және ауылдық елді мекен тұрғындарының денсаулығын жақсарту шараларымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кездесу барысында аймақта жаңа медициналық нысандар құрылысын салу, дәрігерлерге әлеуметтік көмек көрсету және қауіпті ауруларды ерте анықтап, алдын алу мәселелері сөз болды. Айта кетейік, министр жұмыс сапары барысында бірқатар медициналық нысандарды аралап, халықпен кездесіп, жеке қабылдаулар өткізеді. Сондай-ақ, Ажар Ғиният Шиелі ауданының ауданаралық ауруханасына барады және аудандағы Досбол би ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысады.Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: