Жұма, 26 сәуiр, 17:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Облыста «Qazvac», «Sinovac» вакциналары бар

23.08.2022

554 0

Жыл басынан бері өңірімізде коронавирус инфекциясымен 6286 адам ауырған. Соңғы тәулікте індеттің 3 жаңа ошағы тіркелді. Бүгінде облыс бойынша 545 инфекциялық стационарда 21, реанимациялық төсек-орында 4 науқас ем қабылдап жатса, амбулаториялық жағдайда 149 науқас бақылауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов мәлімдеді.

– Облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті тұрғынның I-ші компонентімен 95%-ы, II-ші компонентімен 93,9%-ы вакциналанды. «Pfizer» вакцинасының I-ші компонентімен 85 920 адам, ал II-ші компонентімен 85 797 адам қамтамасыз етілді. Ревакцинация жұмыстары басталғалы 243 403 тұрғын екпе алған. Ал қайта ревакциналаумен 28 635 адам қамтылды, – деді Ж.Мырзагелдіұлы.

Жаһандық пандемия басталғаннан бері Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясының 25720 жағдайы анықталған. Оның ішінде 16 833 жағдай ауру симптомды болса, 8887 деректе клиникалық белгілер байқалмаған.

Қазіргі күні облыс тұрғындарының 71,2 пайызы ревакцинациямен қамтылды. Дәл қазіргі уақытта облыста 476 доза «Казвак»,  10 595 доза «Синовак» вакцина қоры бар. Тұрғындар өз таңдауы бойынша ревакциналаудан өте алады, – деп мәлімдеді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Ж.Нәбиқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: