Бейсенбі, 25 сәуiр, 08:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Өңірдегі үш емхана екпе егу жұмыстарын толық аяқтады

27.10.2021

443 0

Бүгінде аймақтағы эпидемиологиялық ахуал күн санап жақсарып келеді. Қалыпты жағдайға қайта оралу үшін вакцинациялаудың маңыздылығы туралы жан жақты ақпараттық жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде №1 қалалық емханада коронавирусқа қарсы екпені 25256 адам жоспарлап 100% қамтылса, Жалағаш және Қармақшы аудандары да вакцинация жұмыстарын жоғары деңгейде сәтті аяқтады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов баяндады.

«Өңіріміздегі эпидемологиялық ахуалға тоқталар болсақ, індет тіркелгелі бері өңірімізде коронавирус инфекциясымен 18639 науқас тіркелді. Өткен тәулікте 11 жағдай анықталды. Жалпы емделіп шыққаны 96 пайызды құрайды. Облыста екпе салдыру жұмыстары басталғалы бері вакцинацияның 1 компонентін– 355 594 адам салдырса, екінші компонентпен – 286 447 адам қамтылды. Бүгінде тұрғындар арасында ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Дегенмен сақтық шараларын орындау әлсіремеуі тиіс» ,- деді Жангелді Мырзагелдіұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: