Жұма, 26 сәуiр, 19:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Омикронды емдейтін сегіз дәрі аталды

26.01.2022

833 0

«Омикронды» емдеу кезінде сегіз түрлі вирусқа қарсы препараттың әсері оңды екені анықталды. Аталған дәрі түрлерін дәрігерлер коронавирустың өзге штамдарын емдеу кезінде қолданған. Бұл туралы Гете атындағы Франкфурт және Кент университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелерінде жазылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Омикрон коронавирустық инфекцияны емдеуге үмітті препараттардың сегізіне сезімтал болып шықты. Олар: EIDD-1931 (белсенді молнупиравир метаболиті), рибавирин, ремдезивир, фавиправир, PF-07321332 (нирматрелвир, паксловидтің белсенді ингредиенті), нафамостат, камостат және апротинин.

Айта кетейік, омикрон штамы өткен жылдың қараша айында Ботсванда анықталды. Мамандардың пікірінше, бұрын өзге штамдармен ауырғандар да, екпе салдырғандар да омикронды жұқтыруы мүмкін. Бұл штамның белгілеріне бас ауруынан бастап, шаршау, дененің сырқырап ауруы кіреді. Омикрон жүзден аса елде тіркелді. Оның ішінде Қазақстан да бар. 

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: