Жұма, 24 сәуiр, 10:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда бес жылдың ішінде ана өлімі 35% төмендеді – министрлік

24.04.2026

43 0

Фото: Азертадж

Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35% азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен Орталық Азиядағы әйелдер мен жастар денсаулығына климаттық және экологиялық қауіптердің әсеріне арналған халықаралық сессияда мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Қазақстанда соңғы бес жылдың ішінде ана өлімін 35% төмендетуге, сондай-ақ ана мен бала денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға қол жеткізілді. Сонымен қатар нәресте және перинаталдық өлім көрсеткіштері де төмендеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл жүйелі реформалар мен медициналық көмектің заманауи стандарттарын енгізудің нәтижесі. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, климаттың өзгеруі халық денсаулығына әсер ететін маңызды факторлардың біріне айналып отыр.

– Климаттық қауіптер адамдардың денсаулығына, демографиялық үдерістерге және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін жүйелі факторға айналып отыр, – деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, температураның көтерілуі мен экологиялық факторлар инфекциялық және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін арттырып, әйелдердің репродуктивтік денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Елімізде жүкті әйелдерді ерте бақылауға алу, әйелдер денсаулығын нығайтуға бағытталған «Аналар саулығы» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде және облыстық перинаталдық орталықтарда әйелдер консультацияларының қызметі қайта жанданды.

Жүкті әйелдердің 90%-дан астамы 12 аптаға дейін есепке алынады. Туа біткен даму кемістіктері мен хромосомалық патологиялары бар бала туу қаупін уақытылы бағалау үшін «Бір күндік клиника» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бұл жоба қажетті тексерулер мен консультациялардан қысқа мерзімде кешенді түрде өтуге мүмкіндік беріп, әйелдер үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен уақытылы көрсетілуін арттырады. Сондай-ақ жасөспірімдердің репродуктивтік және психикалық денсаулығы мәселелері бойынша алдын алу жұмыстары мен консультациялар беру жүргізілетін жастар денсаулық орталықтары жұмыс істейді.

Айта кетейік, Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: