Бейсенбі, 02 мамыр, 18:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қышымадан сақтану жолдарын білесіз бе?

22.08.2023

306 0

            Қышыма – жұқпалы паразиттік тері ауруы. Бұл ауруды қышыма кенесі қоздырады, оның ұзындығы шамамен 1/3 миллиметр. Бұл паразит терінің үстіңгі қабатын тесіп жол салып, олардың әрқайсысына 20-50 ұрық салады. 2-5 күннен кейін ұрықтардан құрттар, құрттардан нимфалар және толық жетілген кенелер пайда болады.

            Жұғу жолдары – науқас адаммен тікелей араласқанда (қол алысқанда, жанасқанда) немесе ол пайдаланған заттарды (төсек, іш және сырт киімдер, сүлгі, мочалка, қолғап, ойыншықтар) қолданған кезде жұғады. Сонымен қатар, ауру мысықтар, иттер инфекцияның көзі бола алады.

            Клиникалық көрінісі – терінің қышуы, кешке қарай үдей түседі, тері үсті бөрітіп, қосарланған түйін, көпіршік пайда болып, 3-10 мм шамасындағы қанды сұрсызықтар – кене жолдары пайда болады.

Бөртпелердің теріде орналасуы:

– саусақтар арасында, қолдың үстінде, білекте, кеуде, іш, бел, санның ішкі жақтарында;

– ер адамдарда – жыныс мүшесінің терісінде;

– балалардың табанында, алақанында, бетінде орналасады.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесідей сақтық шараларын ұсынады:

– ауру белгілері біліне бастағаннан дәрігерге қаралу қажет;

– ауырған уақытта дәрігердің бақылауында болып, арнаулы дәрілермен емделген жөн;

-жанұя мүшесінің біреуі ауырған жағдайда онымен қарым-қатынасты шектеп, сақтық шараларын күшейтіп,өзіңіз профилактикалық тексеруден өтуіңіз қажет;

– мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларда қышыма ауруы пайда болған кезде оларды емдеудің барлық кезеңінде мектепке немесе балалар мекемесіне баруға тыйым салынады, сондай-ақ науқас пен байланыста болғандарды тексеру қажет. Емдеу-алдын алу шараларын жүргізгеннен кейін ғана (дәрігерден анықтама болған жағдайда) оларды қайтадан балалар ұжымына жіберуге болады;

– үй жағдайын да залаласыздандыру құралдарын пайдалана отырып жиі алғалды тазалау жүргізу керек;

– аурудың жататын орны, жекезаттары бөлек болуы керек;

– науқастың төсегін, бас киімін, жекезаттарын пайдалануға болмайды;

– науқастың кірлерін сау адамдардың кірлерінен бөлек сақтап, бөлек жуу қажет;

– сыртқы киімдерді, матрацтарды, жастықтарды, көрпелерді дезинфекциялық камераларда залаласыздандыру қажет;

– күнделікті қолды сабындап жуып, апта сайын суға түсіп, дене тазалығын сақтау қажет.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: