Сейсенбі, 23 сәуiр, 20:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 4 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш шықты

07.02.2022

739 0

Қызылордада 4 жасар қыз баланың асқазанынан 1 келіден астам шаш шықты. Ішкі ағзадан шыққан шаштың ұзындығы 34 сантиметр. Қыз балаға отаны Қызылорда облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургтары жасады.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың тәбеті төмендеп, іші ауырып, жиі құса бастаған. Осындай шағымдардан кейін мамандар шұғыл операция жасау қажет деп шешкен. Баланың асқазанында ұйысып қалған шашты алу үшін жасалған операция сәтті өтті, дейді дәрігерлер. Қазір қыз бала тиісті ем-шараларын алып жатыр.

«Мамасының айтуы бойынша бір жасынан бастап шаш жей бастаған. Мұндай жағдай көбіне анемия болған кезде балаларда кездеседі. Операция барысында ешқандай қиындық болған жоқ. Баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Құдай қаласа, он күнде үйге шығып қалады. Бұл екінші жағдай кездесіп тұрған. Бірінші жағдай осы күзде болды. Ол да өзінің шашын жеген 5 жастағы бала болатын», – дейді облыстық Көпсалалы балалар ауруханасының бөлім басшысы Әлімжан Төлегенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: