Жұма, 11 қазан, 08:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада эхинококкоз бойынша көрсеткіш 5 жағдайға төмендеді

19.08.2022

955 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті адамның ішкі ағзаларында немесе оның терісі мен шашында өмір сүруі мүмкін көптеген паразиттердің болатындығын еске салады. Олардың бірнеше түрі бар. Бүгін эхинококкоз туралы ақпарат беретін боламыз.

Эхинококкоз қоздырғыштарының адам ағзасына енуінің көптеген жолдары бар, алайда ең көп таралғаны-тағам өнімдері арқылы беріледі. Нашар жуылған көкөністер, жеміс-жидектер, термиялық өңдеуден жеткіліксіз деңгейде өткізілген ет, балық, құс еті осы ауруды жұқтырып алу қаупін тудырады. Сонымен қатар паразиттер қаңғыбас ит-мысықтардан да жұғуы мүмкін. Эхинококкоз   ауруының   таратушы  көздері болып табылатын иесіз, қараусыз қалған қаңғыбас ит-мысықтарды аулау жұмыстары 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және уақытша ұстау орындарына жеткізіліп, ары қарай жансыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Ағымдағы жыл басынан бері Қызылорда облысы көлемінде эхинококкоз ауруының 9 жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда  аурушаңдық көрсеткіші 5 жағдайға төмендеген. Кәсіби құрамы бойынша жіктейтін болсақ, мектеп оқушылары арасында-22,2%, жұмыссыздар арасында-33,3%,  студенттер-7,4 %, зейнеткерлер-11,1% және 33,3% басқа контингенттер арасында тіркелген.

Ауру ошақтарында эпизоотолого-эпидемиологиялық зерттеу  жүргізілді. Науқастармен қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынып,  ошақта індетке қарсы алдын алу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ошақтардан  10 топырақ,   81 сүртінді, 24 жеміс-жидек, 1 су сынамасы  және өзге де 10 сынама алынып, зерттелді. Қарым-қатынаста болған 53 адам зертханалық тексерумен қамтылды.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті паразиттерді жұқтырып алмас үшін бірнеше ережелерді сақтауға кеңес береді:

  • қарапайым жеке бас гигиенасын орындау, көшеден келгеннен кейін, тамақтанар алдында, ақшамен, жануарлармен жанасқаннан кейін қолды сабындап жуу;
  • қаңғыбас иттерге жақындамау, үй жануары бар болса жүйелі түрде ветеринарлық клиникаға тексертіп отыру. Міндетті түрде жануарды дегельминтизациялаудан өткізіп отыру.
  • көкөністер мен жеміс-жидектерді, тіпті өз бақшаңыздан алынған болса да мұқият жуу;
  • егер қауіпсіздігіне күмәндансаңыз суды ішпеу, сондай-ақ ондай суды ас дайындау үшін пайдаланбау;
  • тағамға тек термиялық өңдеуден өткен өнімдерді пайдалану;
  • асүйді шыбын-шіркейден таза ұстау. Мысалы, терезелерге қорғаныш тор бекіту, дайын тағамдардың бетін жауып қою;
  • балық және ет тағамдарын әзірлеу қағидаларын сақтау;
  • аурудың белгілері байқалған болса, дәрігер көмегіне жүгіну.

Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: