Сәрсенбі, 01 мамыр, 00:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада мыңға жуық адам жануарлардан жарақат алған

26.09.2022

729 0

Қызылорда облысы құтырма ауруының табиғи ошағында орналасқан. Облыс көлемінде 2010-2014 жылдар аралығында құтырмамен сырқаттанған 8 науқас тіркеліп, барлығы да өлім жағдайымен аяқталды. Ал, 2015 жылықұтырма ауруы адамдар арасында тіркелмегенімен, қаңтар айында 4 адамға жарақат салған егесі бар 1 ит пен 2 сүт қоректі жыртқыш жануардан  (түлкі, шибөрі) алынған сынамалардан құтырма ауруына оң нәтиже анықталды.

2020 жылы адамдар мен малға жарақат салған жабайы, ауылшаруашылық және үй жануарларының77патматериалдары «Ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталығы» ШЖҚ РМК зертханасында құтырмаға тексеріліп, зерттеу қорытындысымен 5 сынамаоң нәтиже көрсетті. Бұл өз кезегінде облыс көлемінде құтырма ауруының табиғи ошақтарының белсенділігіәлі де жоғары екендігін айқындауда.

 2021 жылы облыс тұрғындары мен жануарлар арасында құтырманың жергілікті жағдайы тіркелген жоқ. Алайдабұл аса қауіпті аурудың сырттан әкелінген 1 жағдайы орын алып, 100 мың халық санына шаққандағы аурушаңдық 0,01 құрады.  

          Ағымдағы жылдың 6 айындабұл дерттің бірде бір дерегі тіркелген жоқ. Ал әр түрлі жануарлардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінгендер саны – 961 адам. Бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда зардап шеккендер санының 17 жағдайғатөмендегенін көрсетеді.

Жарақат алғандардың 36,2%- 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Сонымен қатар жарақаттанудың 57% аудандар көлемінде анықталса, 43%қалалық  тұрғындар үлесінде.

Жарақаттанулардың басым көпшілігі немесе 90% иттен, 8,3% – мысықтан, 0,6 % – жылқыдан, 0,1%-МІҚ және 1% басқа жануарлардан алған жарақаттар құрайды.

 Жануарлардан зардап шеккендердің барлығына құтырмаға қарсы егу тағайындалды. Ауруханаға жатқызылғандар көрсеткіші 2,3%-ті құрады.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жануарлардан зардап шеккен жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге, дәрігермен тағайындалған екпелерді дер кезінде алуға кеңес береді. Себебі иммунопрофилактиканың тиімділігі оның уақтылы жүргізілуіне байланысты.Ал екпеден бас тартқан жағдайда құтырма ауруына шалдығып, өлім жағдайларына әкеп соғуы мүмкін екендігін еске саламыз.

Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: