Сенбі, 27 сәуiр, 05:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

25.08.2022

646 0

 Бүгін Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен көпбейінді облыстық ауруханасында «Қазіргі таңдағы хирургия саласының өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы АҚ-ның басқарма төрағасы, академик Болатбек Бимендіұлы Баймахановтың 60 жасқа толуына мерейтойына арналған. Конференцияға облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ардагер Тұрғанбай Маханов, Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов құттықтау сөз сөйледі. Марат Пашимов Түркістан облысы әкімінің құттықтау хатын табыс етіп, мерейтой иесіне шапан жауып, ұлттық нақышта безендірілген ертоқым мен қамшы сыйға берді.

Басқосуда Болатбек Баймахановқа арналған «Дәремет» кітабының тұсауы кесілді, «Бекзат болмыс» бейне ролигі көрермен назарына ұсынылды. Ғылыми-практикалық конференцияда А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми орталығы гепатопанкреатобилиарлы хирургиясы және бауыр трансплантациясы бөлім меңгерушісі PhD Мақсат Досханов «Гепатопанкреатобилиарлы хирургияның заманауи даму тенденциялары» тақырыбында баяндама жасады.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы №1 хирургия бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Жеңіс Сергазин «Гастроэзофагеальді рефлюкс және морбидті семіздік кезіндегі симультантты лапароскопиялық емі», А.Яссауи атындағы ХҚТУ хирургия, анестезиология-реанимация кафедрасының оқу бөлімінің меңгерушісі PhD Ылхам Аннаоразов өз тәжірибесін ортаға салды. Қызылорда облысы штаттан тыс бас хирургы Бауыржан Қуанышбаев «Қызылорда облысы хирургия саласының жағдайы» туралы баяндады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: