Дүйсенбі, 06 мамыр, 08:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық санитарлық дәрігерлер өнімдер қауіпсіздігін тексерді

11.10.2022

503 0

Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен  ағымды жылдың қыркүйек айында облыс аумағындағы сауда орындарынан  164 өнім сынамасы іріктеп алынып, зертханалық сараптама жүргізілді. Оның ішінде  отандық өнімдер- 19,5%,  Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде өнірілген өнімдер- 67,6% және өзге елдерде өндірілгендері- 12,8%. Мониторинг шеңберінде сараптама жүргізуге іріктеп алынған өнімдердің басым үлесі 72,5%  тағам өнімдері. Олар  балық конвервілері, күнбағыс майы, тауық еті мен сиыр еті, сүт, кондитерлік өнім, ашытқы мен анар шырыны. Сондай-ақ тұрмыстық заттардан балалар сусабыны мен тазартқыш гелі тексерілді.

Жүргізілген сараптамалар нәтижесімен 14 сынама техникалық регламенттер талаптарына сай болмай шықты. Анықталған сәйкессіздіктердің басым бөлігі тамақ өнімдерінен анықталды. Оның ішінде мұздатылған туралған сиыр еті микробиологиялық көрсеткіштер бойынша талапқа сай болмай шықты. Нақты айтқанда ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталды. Ет және ет өнімдерін қолданар алдында міндетті түрде термиялық өңдеуден мұқият өткізу керек. Бұл түрлі зиянкестердің жоғары температурада жойылып кетуіне ықпал етеді. Қалған 13 сәйкессіздік таңбалануы бойыша анықталды, яғни тауар қаптамасында өнім туралы маңызды ақпараттар көрсетілмеген немесе мемлекеттік тілде мәлімет жоқ.                       

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қортындысымен техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген сынамалар Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде  және басқа шет елдерде өндірілген.

Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша 4 кәсіпкерлік субъектісіне ҚР-ның  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөніндегі нұсқамалар берілді және өнімді өндірушілерге қатысты ақпараттық хаттар жолданды. Сонымен қатар, сараптама нәтижелерімен  сәйкессіздік анықталған импорттық өнімдер туралы ақпарат Комитетке тиісті елдердің өндірушілерін одан әрі хабарлауы үшін жолданды.

Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: