Жұма, 03 мамыр, 06:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылша ауруын жұқтырғандардың 90 пайызы балалар

17.01.2024

198 0

Өткен жылдың қорытындысымен Қызылорда қаласында қызылша ауруының 1266 жағдайы тіркелген, оның 14 жасқа дейінгі балалары – 1111-ді құрап отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Сыздықова хабарлады.

– Жыл басынан бері қызылша аурушаңдығының 130 жағдайы тіркелді. Жас шамалары бойынша аурушаңдықтың басым бөлігі (90,0%) 14 жасқа дейінгі балалар. Айта кету керек, қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыру үшін қажетті шаралар жүргізіліп келеді. Қызылша індетіне шалдыққандардың басым бөлігі – ауруға қарсы екпе алмаған жандар. Сондықтан аурудың алдын алып, уақытылы екпе қабылдаған жөн, – деді Гүлмира Сыздықова.

Брифинг барысында Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бөлім басшысы Айгүл Төлегенова екпе егу шараларына тоқталып өтті. Бүгінде 1 жастағы 9264 және 6 жастағы 8292 балалар қызылшаға қарсы профилактикалық екпелермен қамтылды. Ендігі ретте, 6 айдан бастап 10 айға дейінгі және 2 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларды қосымша жаппай иммундау жүргізілуде. Қазіргі таңда осы санаттағы 23 767 бала екпемен қамтылды. 6-10 ай аралығындағы балалардың 2 106-сы, 2-4 жас аралығындағы балалардың 17 776-сы егілген.

– Вакцинациялаудан бас тарту түрлі инфекциялардың өршуіне әкелуі мүмкін. Соған байланысты ата-аналардан сұрайтынымыз, вакцинациялау арқылы балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, – деп толықтырды Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Шарипа Алиева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: