Бейсенбі, 20 маусым, 21:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Қызылшаны вакцинациямен тоқтатамыз

12.12.2023

445 0

Қызылорда облысында қызылшадан эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болуда.
Қызылша – адамдарға тез жұғатын жұқпалы аурулардың бірі. Вакциналар қол жетімді болғанға дейін бұл аурудың таралуын тоқтатудың жолы болмады.
Адамдар вирус жұқтырған сайын бұрын ауырмағандардың барлығы дерлік қызылша ауруымен ауырған. Олардың көпшілігі соқырлық, ларингит (көмейдің қабынуы), круп (көмейдің стенозы), отит (құлақтың қабынуы), кереңдік, пневмония (өкпенің қабынуы), қызылша энцефалиті (мидың қабынуы) сияқты және т.б. ауыр асқынулардан зардап шекті.
Қызылша тез таралады. Халықта қызылшаға қарсы иммунитеті жоқ адамдардың саны неғұрлым көп болса, әрбір адамның ауруды жұқтыру қаупі соғұрлым жоғары болады. Көбірек адамдар вакцинацияланған сайын, вирус жұқтыратын қорғанысы жоқ адамды табу қиындай түседі.
Бірақ вирусты жұқтырып алатын адамдар әлі де болса көп және вирустар оларға жылдам жұғады.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі – вакцинация. Қызылшаға қарсы егу профилактикасына сай 12-15 айлық балаларға және 6 жастағы балаларға жүргізіледі.
Республикада қызылшаның өршуіне байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» № 7 қаулысы шығарылды.
Қаулы негізінде қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау (бұдан әрі – ҚЖИ) келесі топтарға жүргізілуде: 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар, қызылшаға қарсы вакцинациялау мәртебесіне қарамастан 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күн аралығындағы балалар, сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық иммунизациясы жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері вакцинацияланатын адамның немесе ата-анасының (заңды өкілдерінің) жазбаша түрде ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.

ҚЖИ аймақтың барлық алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерінде тегін жүргізілуде.

Қызылшаны вакцинациямен бірге тоқтатамыз.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: